Теннистен қыздарымыз жүлделі оралды

Теннистен қыздарымыз жүлделі оралдыОңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында теннистен мектеп және колледж оқушылары арасында Қазақстан спартакиадасы өткізілді. 
Оған Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан  6 команда алты күн бойы шеберлік байқасты.  Қыздар арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз Карина Тұрахмет пен Нұрай Көбенова жұптық бәсекеде қола жүлдені еншіледі. Жарыс нәтижесі бойынша Қызылорда облысының командасы жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді. Бірінші орында – Оңтүстік Қазақстан, үшінші орында  Солтүстік Қазақстан спортшылары. «Нұрсәт» теннис орталығында жаттығатын қос спортшының жаттықтырушысы – Дмитрий Денисеня.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2014 г. 691 0