16 жыл ұстатпай келген қылмыскер қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысында 16 жыл бұрын қылмыс жасаған күдікті Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2003 жылы үш адамнан құралған қылмыстық топ алысқа қатынап жүрген азаматтың «КАМАЗ» жүк көлігін тартып алған. Тонаушылардың екеуі қолға түсіп, біреуі із жасырып үлгерген еді. Полицейлер 9 жыл бойы оның кім екенін анықтай алмаған. Тек 2012 жылы ғана күдіктінің аты-жөні анықталып, іздеу жарияланған болатын.
 «Қылмыскерді семейлік сақшылар Алматыдан ұстады. Қазір сондағы уақытша қамау изоляторында. Енді 2003 жылы жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады», - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2019 г. 405 0