Автокөлік өртенді

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан кейін «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин және Амангелді көшелерінің қиылысында болған. Сол жерде «Lada Largus» маркалы автокөлігі мен «Mercedes-Benz» автокөлігі соқтығысып қалған.  Нәтижесінде «Mercedes-Benz» автокөлігі өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
 «Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша «Lada Largus»» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  610- бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмғанын хабарлаған едік.  




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2019 г. 337 0