
Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде департамент бастығы полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлының бастамасымен «Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен олардың аулаларында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, бөтен мүлік ұрлықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, облыс прокурорының орынбасары Талғат Әлібаев, қала прокуроры Асхат Бекмұханов, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылығы және Қызылорда қаласында қызмет көрсететін 17 пәтер иелері кооперативтерінің басшылары мен жеке күзет ұйымдарының өкілдері, департаменттің басқарма басшылары, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының басшылығы мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Жиын басталмас бұрын департамент бастығы Заппаров Арыстанғани Расылханұлы қоғамдық тәртіптің сақталуы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсенді қатысқан пәтер иелері кооперативтері мен жеке күзет ұйымдарының басшыларын марапаттады.
Жиын барысында қала орталығында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда полицияның пәтер иелері кооперативтері және жеке күзет ұйымдарымен бірлесіп атқаратын жұмыстары талқыланып, жиынға қатысушылар тарапынан осы мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тиісті сала басшыларымен жауап беріліп және алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бағытында тиісті ұсыныстар енгізілді.
Мәселен, күзетшілердің тек күзетілетін объектілерде ғана емес, сондай-ақ оларға іргелес аумақта да құқықтық тәртіпті сақтауға қатысуын көздейтін өзара іс-қимыл туралы олармен Меморандумдар жасау ұсынылды.
Сонымен бірге, тұрғын үйлер мен пәтерлерді жеке күзет үйымдарының күзет-дабыл белгісіне қосу жұмыстарын тұрғындарға насихаттау шараларын полиция мен барлық мүдделі органдар бірлесіп атқару жұмыстары пысықталды.
Жиын соңында департамент бастығы Заппаров Арыстанғани Расылханұлы халықтың тыныштығын қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция қызметіне жәрдемдесуге шақырып, жиынды қорытындылады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі