Қызылордалықтар Астанада көрме ұйымдастырды

Қызылордалықтар Астанада көрме ұйымдастырдыБүгін, 27 маусымда Астана қаласындағы «Конгрес Холл» сарайында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ұйымдастырылды. Арқа төсіндегі ағайын Қызылорда облысы аумағында болған ескі қалалармен танысып, қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. 
Айта кетейік, бұл көрме Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясында ұйымдастырылды. Сыр елі – мәдениетің мәуелі мекені. Бұл өңірде теңдесі жоқ Жанкент, Сығанақ, Жент, Шірік-Рабат секілді көне қалашықтар мен Қорқыт ата кешені бар. Тарихқа көз жүгіртсек, мұнда төрт бірдей астана болған. Ежелгі тарихи қалаларды әлем құндылығына айналдыру мақсатында жұмыстар жасалуда. Мәселен, қазіргі таңда Сығанақ қалашығын қалпына келтіру мақсатында археологиялық жұмыстар жүргізілуде. Осы жерде мұражай ашу көзделіп отыр. Өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау мен насихаттау өңірдің бай мұрасын әйгілей түсетін болады. Сарыарқа төріндегі көрмеде осы ескі қалалардың макеті қойылды. Сондай-ақ, осы қалалардан табылған археологиялық-этногарфиялық жәдігерлер көрмені айшықтай түсті. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің бұйымдары да астаналықтардың таңданысын тудырды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2014 г. 782 0