Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар жиілеп кетті -Тоқаев

  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алудағы алаяқтықтың алдын алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасудың жиілеп кеткеніне алаңдайды.
«Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК - бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», - деп жазды Президент Твиттер желісінде.
Бұған дейін Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты қосымша қаржылай көмек үшін көпбалалы отбасылардың жаппай ажырасып, әкелердің өз міндеттерінен бас тартып жатқандарын хабарлаған еді.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2019 г. 615 0