Өнер күндерінің шымылдығы түрілді

Өнер күндерінің шымылдығы түрілді26 маусым күні Астана қаласында Қызылорда облысының мәдени күндері басталды. Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Ж.Ерғалиевтің «Құлыптастың көз жасы» драмасымен өнер күндерінің шымылдығы түрілді. Қойылымды ҚР Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев тамашалады.
Арқа төріндегі бас қала тұрғындары қызылордалық өнерпаздардың шығармашылығын тамашалады.  Махаббат, қатал тағдыр, төзімділік, адамгершілік секілді тәрбиелік мәні бар дүниелерді театр әртістері жоғары шеберлікпен сомдай білді. Тіпті драманы тамшалаушылар көздеріне жас алды. Көрерменнің қошеметі шексіз болды. Осылайша театр әртістері астаналықтарға рухани кеш сыйлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2014 г. 964 0