Қоғамдық қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматша, 2-топ мүгедегі С.Боранбаева, қызының мемлекеттік қызметке түсуге арналған тестілеуден өткендігін айтып, мемлекеттік қызметші атануына ықпал етуге өтінішін білдірді.
Департамент басшысы өз кезегінде заңға сәйкес түсіндірме беріп, мемлекеттік қызметке бос лауазымдарға жарияланатын конкурстар туралы мәліметтер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсы kyzmet.gov.kz сайтында, сонымен қатар, Департаменттің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында орналастырылатынын, сайттан толық ақпарат алатынын жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2019 г. 444 0