Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты қызметтік автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс-пікірлер талқыланды.
Департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаевтың төрағалығымен өткізілген жиналыста жыл басынан бері қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс пайдаланудың салдары таныстырылып, жүргізушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Айта кетсек, жыл басынан бері қызметтік автокөлікті қызметтік мақсаттан тыс пайдаланған жергілікті атқарушы органның 2 басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік жазалар қолданылды.
Сондай-ақ, биыл жергілікті атқарушы органның 4 қызметтік автокөлік жүргізушісіне жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, 2 жүргізушіге қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін тәртіптік жаза қолданылған.
Қызметтік автокөліктерді тек қызметтік мақсатта пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасына тұрақты түрде қадағалау жұмыстарын жүргізу ұсынылды.