Аймақта алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар слеті өтті

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы Жастар орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І-ші облыстық жастар слеті» өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп ұйымдастырған слет аясында мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар көрмесі өткізіліп, кәсіби бағдарлану бойынша сала мамандары кеңестер берді. Сондай-ақ, жастар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар ұйымдастырылды.
Облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан да делегаттар қатысқан слеттің салтанатты жиыны Департамент басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлының алғы сөзімен ашылды. 
Слет барысында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Сабанбаев, «Ақмешіт - акдалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов хабарлама жасады.
Сонымен қатар, Департамент жанынан «Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.
Слет қорытындысымен сырбойылық жастар «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіре отырып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.
Алдағы уақытта қызылордалық жастар елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына барып, Агенттік төрағасымен кездесіп, аймақ жастарының ұсыныс-пікірлерін жеткізуді жоспарлап отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2019 г. 382 0