Көршісінен ақша ұрлаған 29 жасар Арал тұрғыны ұсталды

 Сәуір айында Арал ауданының 29 жасар тұрғыны өзінің көршісінің үйіне қонаққа барып, ас бөлмесінде тұрған әмиянынан 30 000 теңге ақшасын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Аталған дерек бойынша Арал аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен /ұрлық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Арал ауданының тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.
Бөлімнің тергеушісі Жансая Рүстемованың кәсіби біліктілігінің арқасында заңдық нормаларды дұрыс және сапалы қолдануының нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толығымен дәлелденген.        
Тергеу барысында күдіктінің жасаған бөтен мүлікті жымқыру іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс ағымдағы  жылдың 1 мамырында сотқа дейінгі жеделдетілген өндіріс тәртібімен электронды түрде аяқталып, сотқа жолданған.                
Сот процесінде күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынды толық өндіріп беріп, кешірім сұраған.
8 мамыр 2019 жылғы сот үкімімен жәбірленушімен өзара татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2019 г. 415 0