"Қайсар" Саша Алумонамен келісімшартқа отырды

"Қайсар" Саша Алумонамен келісімшартқа отырды«Қайсар» футбол клубы шабуылшы Александр Алумонамен келісімшартқа отырды. Бұған дейін Белоруссияның «Белшина» командасында доп тепкен Саша «Қайсарда» 18-ші нөмірді таңдады. "Қайсар" футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, rелісімшарт 2014 жылғы футбол маусымының соңына дейін жарамды.
30 жастағы шабуылшы Мәскеуде туып-өскенімен жасыл алаңдағы ғұмырының басым бөлігін сыртта өткізген. Атап айтсақ, Венгрия, Белоруссия клубтарында доп теуіп, «Фехервар», БАТЭ, «Гомель» сынды командалардың намысын қорғаған. Өткен жылғы футбол маусымының екінші жартысында Қостанайдың «Тобылында» ойнаған. Белоруссия чемпионы, Венгрия кубогының иегері. Қазақстан азаматтығы бар.
-«Қайсарға» келгенімен қуаныштымын. Негізі қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Қайсар» сапында бапкерлер сынағынан өткенмін. Сол кезде команда маған қатты ұнаған. Біраз футболшылармен сол кезден таныспын. Енді өз голдарыммен қызылордалық жанкүйерлерді қуантып, «Қайсардың» алдына қойылған мақсаттарды орындауға көмектесуге бар күшімді саламын», - деді келісімшартқа қол қойған Александр Алумона.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2014 г. 756 0