
Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды
ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
GGG мен «Канело» қыркүйек айында қайтадан жекпе-жекке шығуы мүмкін. Оған дейін Головкин 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында канадалық Стив Роллспен кездеседі.
«Мен бұл айқасты (Альвареспен) тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл мүлде басқа жекпе-жек болады. Біз бар ынтамызбен 12 раундтық айқасқа дайындалып жатырмыз және нокаутпен жеңуге әркез қуаныштымыз. Сол себепті нокаут күтемін», - деді Бэнкс Fight Hub TV-ге берген сұхбатында.