Волейболдан жарыс өтті

Жуырда Қалалық пробация қызметі мен Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған және өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың азаматтары арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау» мақсатында волейболдан жарыс өтті. 
Бүгінгі шараның мақсаты – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту, жауапкершілікке тартылған тұлғалардың салауатты өмір салтын ұстанып, қайтадан қылмысқа баруына жол бермеу. Жарысқа 3 құрама  команда қатысты. Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша  І орынды «Жеңіс» командасы, яғни Қылмыстық жазаны өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығы иеленсе, ІІ орынға «Тасбөгет» командасы, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының қызметкерлері, ал пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан жасақталған «Пробация» командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2019 г. 390 0