« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қармақшы аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында өнер мен мәдениеттің, тарих пен әдебиеттің жанашыры Сақтапберген Қоспаевтың шығармашылығын, өмір жолын насихаттап таныстыру мақсатында «Өмір - тарих» атты кеш өтті.
Шара С.Қоспаевтың археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан кездегі табылған заттары (экспонаттар), шығарған кітаптары және өз қолынан шыққан бұйымдары қойылған көрмені тамашалаудан бастау алды. Мұнан соң тарихшымен сұқбат болып, ауыл өнерпаздары аналар ансамблінің мүшелері С.Бадырақова, М.Ахметова, ән байқауының жүлдегері Ш.Бибізакия, кеш қонағы термеші Зәуре Кәрібаева ән-жырдан шашу шашса, өзі еңбек ететін мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, ақынның сатира жанрындағы «Кемпір мен шалдың назы» интермедиясын Б.Шайманов пен Г.Қыпшақбаева өз нақышына келтіріп ойнады.
Кеш барысында «Менің жолым...» атты бейнеүзікте ұстаздың көптеген телеарналардың түсірген деректі фильмдеріндегі берілген сұхбаттарының жиынтығы, өзі жұмыс жасайтын №185 орта мектептің ішінен қоғамдық негізде ашылған мұражайы және өзінің шәкірттерімен Меңей батыр кесенесіне жасаған экспедициясы көрсетілді.
– Сақтапберген ағай халықаралық, республикалық экспедицияларға қатысқан, жоғары санатты мұғалім. Бірнеше рет облыстық , аудандық білім бөлімдерінің, «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталған, «Білім беру ісінің майталманы», «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісінің иегері. Ғылыми жобадан оқушылары халықаралық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанған. Бұл кісі сан қырлы өнер иесі атап айтсақ, қаламгер, тарихшы, мәдени мұра жанашыры, зерттеуші, ұста, өнерпаз сценарист, ұстаз. Ол кісінің шығармашылығын көпшілікке таныстыру біздің міндетіміз деп білемін, –дейді кеш ұйымдастырушысы, кітапханашы Гүлнар Қыпшақбаева.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |