« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
29 мамырда ел аумағының басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сондай-ақ Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |