
12 маусымда Қазақстанның барлық мектептерінде бітіру кеші өтеді. Білім министрлігі мерекелік шара республика бойынша бір уақытта атап өтілетін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның барлық мектептерінде бітіру кеші қай уақытта болатынын білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты. Шенеуніктің сөзінше, дата барлық түлектердің емтихан мен ҰБТ-ны тапсырып бітетін уақытқа таңдалып қойылған. Вице-министр ведомство осыған дейін бітіру кешін жоғары деңгейде өткізбеуді сұрағанын еске түсірді.
Суханбердиеваның сөзінше, мектеп бітірушілер бұл ұсынысты қолдаған. Алайда барлық ата-аналар бітіру кешін мектеп қабырғасында өткізуге келіспеген. Олар мейрамханаға тапсырыс беріп, алдын ала төлем жасап қойғанын жеткізіпті.