Қазалылық жауынгердің сүйегі табылды

Іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгердің туыстарына іздеу жариялайды, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Ағымдағы жылдың көктемінде «Еске алу вахтасының» жорығы майдан даласына жүргізген қазба жұмыстары кезінде жауынгердің сүйегі табылған. Марқұмның кім екені медальон мен өзге құжаттары арқылы анықталып отыр.
Беларусь елінде «Виккру» және Қарулы күштердің 52-мамандандырылған жеке іздестіру батальоны 11 жауынгердің сүйегін тапты. Біреуінің кім екенін анықтау мүмкін болды. Ол – «Ворошилов атқышы», қатардағы жауынгер Нұрмұхамед Магдеев.
Магдеев Нұрмұхамед 1915 жылы дүниеге келген. Қазақ ССР Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Анасы – Магдеева Хадиша. Мекен-жайы: Ворошилов көшесі, 32 үй. Ұлынан соңғы рет 1941 жылы 10 шілдеде хат алған. Оның туған жері – Қызылорда облысының Қазалы ауданы. Қызыл әскер қатарына Арал аудандық әкімдігінен 1940 жылдың 7 ақпанында шақырылыпты.
Іздестіру жасағы қазақ жауынгерінің сүйегін туған топырағына тапсыруға дайын.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 мамыр 2019 г. 707 0