Жастықпен ұрудан жарыс өтті

Жапонияның Сидзуока префектурасында ерекше спорт түрі - жастықпен ұрыстан сайыс өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жай жарыс емес, ұлттық біріншіліктің іріктеу турнирі. Осыдан 6 жыл бұрын жоғары сынып оқушыларының ойынынан басталған сайыс қазір ел арасында кеңінен танымал бола бастаған. Тәртіпке сәйкес, сайыскерлер ұйықтап жатқандай сыңай танытып, ысқырық естілгенде, орындарынан атып тұрып, жастықпен қарсыласын шабуылдауы тиіс. Міндет - командадағы патшаны қорғау. Жарысқа қатысушылар сайыс физикалық күшпен бірге ойлауды да қажет ететінін айтады. Ал бұл жолғы іріктеу ойынында BlancWhite (БлаУайт) командасы жеңіске жетті. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 мамыр 2019 г. 397 0