
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы №262 шешіміне сәйкес қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп есептеледі және олар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жөніндегі мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар тарапынан аулауға жатады.
Осыған сәйкес, қаламызды қаңғыбас иттер мен мысықтардан тазарту мақсатында өз деңгейінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Қызылорда қаласы бойынша жалпы саны 5260 бас ит, 109 бас мысық жойылды.
Ит қабу, мысық тырнау дерегі бойынша 227 ит, 21 мысық (қалалық денсаулық сақтау бөлімінің мәліметі бойынша, ит қабу, мысық тырнау деректері өзінің немесе көршілерінің ит, мысықтары болып келеді)10 күндік ветеринариялық бақылауға қойылды. Нәтижесінде құтыру ауруының белгілері анықталған жоқ.