Телефон ұрлағанмен сотты болған жоқ

Телефон ұрлағанмен сотты болған жоқ Жуырда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1 қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қаралды. ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен айыпталған Т-ның және осындай баппен айыпталған К-ның қылмыстық ісі Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының талаптары қолданылды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе – Алматы бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының вагонында жолаушылап бара жатқан жәбірленуші А.Сұлтанованың «Нокия-Е5» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап алған сотталушы Т-ның қылмыстық ісіне кәсіпқой емес медиатор Жақсылық Тәуекелов қатысып, 2 жақты татуластырып, келісімге келтірді. Осылайша істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған «Дауды реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынған. Осының негізінде ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен айыпталған кәмелетке толмаған сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 маусым 2014 г. 774 0