« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы. Сол себепті бірлігі жарасқан, ізгілікті қасиетке толы әулет көпке үлгі болуға тиіс. Осы мақсатта 2013 жылы елімізде Тұңғыш Президент – Елбасының жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын. Дәстүрлі шара мақсаты – саналы ғұмырын сан салада еңбек етуге арнап, салиқалы ұрпақ өсіріп, Отаны мен отбасы алдындағы міндетті алып жүрген абыройлы жандардың мерейін ел алдында үстем ету.
Биыл да жылдағы дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі аяқталды. Оған қатысуға өтініш білдірген барлығы 13 отбасының ішінен 5 отбасы жеңімпаз деп танылып, екінші кезеңге жолдама алды.
Сайыс жеңімпаздары А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен шараның қорытынды кешінде марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқау қорытындысын жариялаған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев пен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Қаюпов қатысушыларды құттықтады.
«Мерейлі отбасы – 2019» байқауының І дәрежелі дипломымен Достыбаевтар отбасы марапатталды. Бұдан өзге, Беркімбаевтар отбасы ІІ дәрежелі диплом, ал Жаназаровтар отбасы ІІІ дәрежелі дипломды иеленді. Сонымен қатар, 12 балаға патронаттық тәрбие беріп отырған Малбағаровтар отбасына «Қамқор отбасы», Айтбаевтар отбасына «Өнегелі отбасы» номинациялары берілді.
Бұл ұлттық сайыстың бірінші кезеңінің қорытындысы. Алдағы уақытта облыстық, республикалық байқаумен жалғасатын болады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кеш қатысушыларына көтеріңкі көңіл сыйлады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |