
Бүгін әрбір жүректі тебірентер кез-келген жанның жадында мәңгі сақталатын Соңғы қоңырау мерекесі. Тардай болып мектеп табалдырығын аттаған балғын бала бүгін құтты білім ордаларынан қанат қағып үлкен өмірге қадам басуда.
Осындай қуанышты сәттің бірі қаламыздағы беделді білім ошағының бірі Қызылорда қаласы білім бөліміне қарасты №3 мектеп лицей базасында өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы, қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Наушақызы мен бөлім басшысының орынбасары Жанат Убайдуллақызы қонақ болды.
Шарада қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы салтанатты шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, бітіруші түлектерге алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған мамандық иесі атануына өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы Меруерт Наушақызы мектеп ұжымын мерекелерімен құттықтап, мектептегі үлгілі, мерейлі отбасыларды марапаттады. Бұдан әрі шара мектеп оқушыларының жұлдызды сәті марапаттау рәсімімен жалғасты. Шара соңында оқушылар ұстаздарға деген ыстық ықыластарын өлең жолдарымен жеткізіп, ізгі тілектерін арнады. Соңғы қоңырау соғылып, бітіруші түлектер флешмоб биледі.