Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары түсіндірілді

Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылында аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқаптың басшылығымен ветеринария саласындағы мәселелерге байланысты аудандық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, болдырмау мақсатында түсіндіру, ағарту жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Бүгінгі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын болдырмау өзекті мәселе болып отыр. Мәжіліске ветеринария саласының ардагерлері, аудандық аумақтық инспекция, ветеринария бөлімі, аудандық ветеринариялық станция мамандары, Қазалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, қала, кент, ауылдық округі әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар кеңесте ветеринария бөлімі басшысы С.Куатов күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатырған жұмыстарын хабарлап, ветеринария саласы мамандарына нақты тапсырмалар берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 мамыр 2019 г. 461 0