Қызылордалық шахматшылар – ҚР балалар кубогының қола жүлдегері

18-24 мамыр аралығында Қызылорда қаласы "Нұрсəт" теннис орталығында "Аралбай Махамбетов мемориалы" шахматтан ҚР балалар кубогы өтті.
Биыл 10-шы мəрте ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстаннан жəне еліміздің өңірлерінен 350-дей шахматшы қатысты.
Ел кубогының нəтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы қола жүлдеге ие болды.
"В" турнирі бойынша Сұлтан Аманжол 1-орынды иеленсе, "А" турнирінде Мейіржан Бармағанбетов 3-орынды еншіледі.
8 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасында Ақылжан Мейірханұлының мерейі үстем болды.
"А" турнирінің номинациясына қызылордалық шахматшылар арасында Əділет Ерсерік пен ардагерлер арасында Əбдірейім Шүренов ие болды.
Блиц турнирі бойынша əйелдер арасында "Үздік нəтиже көрсеткені үшін" Назерке Нұрғали, қызылордалық шахматшылар арасында Əсел Серікбай, ұлдар арасында Сұлтан Аманжол, ардагерлер арасында Əбдірейім Шүренов марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР балалар кубогының "Үздік шахматшысы" номинациясын Нұрдаулет Таңатов иеленсе, "Ең жас шахматшы" жүлдесі 6 жасар Алина Ерболатқызына табысталды.
Жарысқа белсенді қатысқаны үшін Əлтайр Абдукаримовқа арнайы сертификат берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 мамыр 2019 г. 531 0