Сырдария ауданындағы № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің жас инспекторлары аудан мектептері қатысқан жол қозғалысы сайысында бірінші орын алып, облысқа жолдама алған болатын.
Құрамында 10 оқушы бар қозғалыс білгірлері облыста да 8 командалардың ішінен топ жарып шықты. Биік тұғырдан көрінгендер республикалық байқауға жолдаманы жеңіп алған. Облысқа барып аудан атын асқақтатса, енді республикада облыстың мерейін үстем етпекші. Осындай мәртебеге ие болған жол қозғалысы инспекторлары кеше Өскеменде өтетін ХІҮ республикалық қозғалыстың жас инспекторлары байқауына аттанды.