
Жастар жылы аясында Сексеуіл кентіндегі 1999 жылы мектеп бітірген түлектердің бастамасымен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.
Бұл турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және Сексеуіл кентінде 1982 жылы дүниеге келіп, өмірден ерте өткен жас өрендерді еске алуға арналды.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан кент әкімі Төрешов Сәкен еске алу турнирінің маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Боз кілемде Арал ауданынан басқа Қызылорда қаласы, Қазалы, Шалқар аудандарынан келген 2006-2008 және 2009-2010 жылдары туылған 150 жас балуан 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.
Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған жас спортшылырға жарыс ұйымдастырушыларының демеушілігімен әзірленген арнайы диплом, медальдармен қатар бағалы сыйлықтар табысталды.