Медициналық ұйымдарында 84 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды

Облыс бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Руслан Бектібаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың басынан бері медициналық ұйымдары 83,9 млн теңгеден асатын ақауларды анықтады. Соның ішінде:
емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер - 28,1 млн теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер - 2,5 млн теңге;
ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер - 16,02 млн теңге;
стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 35,24 млн теңге;
медициналық көмектің ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша - 2,1 млн теңге.
Мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату және қызметті нақты көрсету фактісінің расталмауы.
Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 74 медицина ұйымы қызмет көрсетті, оның 44 – жеке меншік.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2019 г. 454 0