Жамбы атудан алғашқы алтын медаль

Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V ел чемпионатында жерлесіміз Ғалымжан Өміртай 1-орынды жеңіп алды. Бұл - спорттың осы түрінен облыс тарихындағы алғашқы алтын медаль, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 

Жерлесіміздің мергендігі халықаралық жарыстардың жүлдегері, Әлем чемпионы Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Айтбек Сарыбай сынды мергендерден асып түскені, ұлттық спорт мамандарының өзін таңғалдыруда. Жарыста үздік нəтиже көрсеткен Ғалымжан 29 ұпай жинап, Қазақстан жеңімпазы атанды.

Ғ. Өміртай Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы туылған. Жамбы атумен 3 жылдан бері айналысып келеді. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. №7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде ұлттық ат спорты түрлері бөлімшесінің жаттықтырушысы. 

Одан бөлек, қызылордалық шабандоздар көкпар жəне аударыспақ жарыстарына қатысуда. Ел чемпионаты 26 мамыр күні аяқталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2019 г. 579 0