Ағаштан түрлі бұйымдар жасау кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Ал жастайынан ағаштан бұйымдар жасауға әуестенген Пахрадин Садықов бүгінде осы өнердің шебері.
Есімі көпшілікке танымал шебер ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның шығармашылық шеберлігін дәлелдейтін бұл бұйымдар талай рет облыстық, республикалық көрмелерде қойылды. Бүгінде шебер өзі тәрбиелеп отырған үш шәкіртіне қасиетті қазақ қөлөнерінің қыр-сырын үйретуде. Айта кетейік, он саусағынан өнер тамған шебер атақты айтыскер ақын Манап Көкеновтің туған жиені. Өзі де Манап ауылында дүниеге келген. Ол маусым айының 24-і күні Астана қаласында өтетін «Сыр өлкесі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрмеге де аудан атынан қатыспақшы.