« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазалы аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз алып, мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
- Бүгінгі таңда ауданда мәдениет саласында 200-ге жуық қызметкер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Қасиетті топырақта талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қорқыт бабамыздың күңіренте тартқан күй-сазы, Роза апамыз бен Мәдинаның әуелете айтқан әні, Кеңес Дүйсекеевтің шығармалары бүгінгі ұрпақтың жүрегінде, - деді Мұрат Нәлхожаұлы құттықтау сөзінде.
Айтулы күні өз саласында жетістікке жетіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |