« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда баспадан сырбойылық жас ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлының "Жүректегі жазулар" атты жыр жинағы жарыққа шықты.
Кітапта шығармашылық иесінің соңғы жылдары жазылған нәзік сезімдер мен ішкі бұлқыныстарға толы өлеңдері көрініс тапқан. Одан бөлек, атамекенге деген сүйіспеншілік, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген, үлгі тұтар ағаларына арналған өлеңдері топтастырылған.
- Өлеңдерінен туған жерге махаббат, құрмет және жастық сезіліп тұрады. Тілге де жеңіл, ойға батыратын өзіне тән тереңдігі де бар. Оның өлеңдері бұған дейін әдеби ортадағы аға-әпкелерінің оң бағасын алып үлгерді, – дейді ақын, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Мұхтар Сақтапов.
Иірімі терең жырлар жинағының авторы 1993 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Алғашқы кітабы "Жүректен жүрекке..." деген атаумен жарыққа шыққан. Облыстық мүшәйралардың бас жүлдегері. Облыс әкімінің жастарға арналған "Сыр үміті" сыйлығының иегері. Ақтөре бұған дейін Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде еңбек етсе, қазіргі күні аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінде.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |