Белсенді жастар – ел болашағының кепілі

Жастардың ерік-жігерін ояту мақсатында №218 орта мектебінде ашық форматта дөңгелек үстел өтті. Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдау, белсенділікті арттыру тақырыптарында еркін сұқбат жүргізілді.  
Шараға «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ  балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының қоординаторы, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Сымбат Нұртазақызы, «Жылы жүрек» ерікті жастар тобының жетекшісі Сағатбек  Қуанышбайұлы мен ерікті жастар қатысты.
Келген қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жастар апталығында жүргізген жұмыстарымен таныстырды.
Мектепте педагог-психолог Гүлшара Сайфуллақызының бастамасымен "жас жантанушылар" тобы құрылған. Онда оқушылар облыстық, қалалық шараларға, қайырымдылық жұмыстарына қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 мамыр 2019 г. 581 0