Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабының отырысы өткізіліп, онда «Допинг» жедел профилактикалық шараларының нәтижелері туралы» Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Құрманбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен есірткі байланысты қылмыстардың саны 4-тен 5-ке өскен. Осыған байланысты, штаб төрағасы Ғ.Бәймішев ішкі істер бөліміне есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстарға аса назар аударып, жұмыстар барысын нығайтып, тиімді шаралар қолдану қажеттігін ескертіп, есірткіге тәуелді азаматтардың жүріс-тұрысына қатаң бақылау орнатып, оларды қалыпты өмір сүруге бағыттайтын шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.Сонымен бірге, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру барысында жариялылықта қамтамасыз ету, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында, аудан көлемінде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шара ұйымдастыру мәселелері талқыланды.