
Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай филармония залында жалпы жиналыс болып өтті. Филармония директоры Т.Бақытбекұлы шығармашылық өкілдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қызылорда облыстық филармониясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жиын барысында арнайы облыс әкімі Қ.Көшербаевтің, облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемұлының, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуованың және филармония директоры Т.Мақашовтың алғыс хаттарымен филармонияның бірқатар өнер иелерін марапаттады.
Сонымен қатар мереке қарсаңында еліміздің мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес Марапат алқасының «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен М.Мақұлбеков және О.Нұралиев марапатталды.