Қарымды қалам иесіне құрмет

Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында айрықша қолтаңбасы бар қаламгер Айжарық Сәдібекұлы биыл 80 жаста. Ақыл-ойы алып, қаламы қарымды жазушы осы айтулы мерейтойын жерлестерімен атап өту мақсатында туған өлкеге, яғни, киелі Арал ауданына ат басын бұрды.
Осы орайда, бүгін аудан басшысы М.Оразбаев айдынды Аралдың төл перзенті, жазушы-үздік журналист А.Сәдібековты арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Сексеннің сеңгіріне шыққан қаламгерді айтулы мерейтойымен құттықтаған аудан әкімі қабылдау барысында аудан жаңалықтарын бөлісіп, елдің тыныс-тіршілігін, өңір жетістіктерін сөз етті.
Айта кетейік, Айжарық Сәдібекұлы 1939 жылы 17 желтоқсанда ауданға қарасты Қармыс елді мекенінде дүниеге келген. Сырдың талантты тумасы – «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып» кітаптарының авторы. Былтыр екі томдық «Парасат майданы», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптары жарық көрді.  
Сондай-ақ, көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін бірқатар ұйым-дардың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, облыс әкімінің 2003 және 2009 жылдардағы стипендиаты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 мамыр 2019 г. 579 0