« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде 15 мамыр - халықаралық отбасы күніне орай «Еңбек саласындағы әйелдер: еңбек және отбасы» дөңгелек үстелі өтті. Оған әлеуметтік әріптестер, қоғамдық ұйым өкілдері, түрлі сала мамандары, облыстық кәсіподақтардың жұмыскер әйелдер комиссиясы және жастар қатысты. Дөңгелек үстелді кәсіподақтар орталығының төрағасы С.Сермағамбетов жүргізді.
Жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтаған Серік Сағитжанұлы ұйымдастырылып отырған шараның қоғамда рухани қарым-қатынастың аясын кеңейтіп, отбасы жауапкершілігін нығайтуға, сол сияқты кәсіподақтар жұмысы жайлы ашық ақпараттар алмасуға бағытталғанын атап өтті.
Дөңгелек үстел басында отбасы мен еңбек саласындағы әйелдер мәселелері кеңінен талқыланды. Аймақтағы ірі мұнай компаниясы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақытжан Мұқашева "Ұжымдық шартта" әлеуметтік мәселелер қарастырылуына терең мән беру қажеттігін айтса, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Зинара Тажиева отбасылық құндылықтар турасында орнықты ой-пікірін білдірді. Сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директоры Гүлсім Денеева аталған қордан әйелдерге төленетін әлеуметтік төлемдер туралы айтып берді. Сондай-ақ, облыстық Кәсіпкерлер Палатасының бөлім басшысы Жанна Скакова әйелдер кәсіпкерлігін, отбасылық, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы хабарлама жасаса, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының облыстық «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ және жастар театрының әртісі Айгүл Қиятова өз мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, театр ұжымының Жастар жылындағы жаңалығы туралы хабардар етті.
«Еңбек саласындағы әйелдер: еңбек және отбасы» дөңгелек үстелінің қорытынды құжаты ретінде қатысушылардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының әлеуметтік әріптестерге еңбек саласындағы әйелдер мәселелері бойынша ұсынған ұсынымдарына қолдау құжаты қабылданды. Аталған құжатта көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты ата-аналарға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар адамдар үшін әлеуметтік қолдау шараларын арттыру, сол сияқты нақты талдауларға сүйене отырып, әйелдердің еңбек нарығына араласуына ықпал ету, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен, балабақшамен қамту және балаларын жоғарғы оқу орындарында тегін оқыту мүмкіндіктерін қарастыру жайы, басқа да көптеген ұсыныстар қамтылған.
Ғазиза ӘБІЛДА
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |