« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық жобаларды қаржыландыруды бастады. Биыл қор 2,4 млрд теңге несие беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына 1 405 млн теңге қарастырылса, нәтижелі жұмыспен қамту қаражатын қайта инвестициялауға – 583,9 млн теңге, қордың жеке қаражатынан 490 млн теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директоры Мұхтар Әлімханұлы айтты.
Сондай-ақ брифингке ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерхан Ағыбаев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гауһар Қалмақова бағдарлама бойынша қолдау барысын түсіндірді.
Қор 2013 жылдан бері ауыл кәсіпкерлерін қаржыландыруды көздейтін бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қаржылық операторы болып келеді. Ал, 2017 жылдан бері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруда.
– Биылғы жылға қаржыландырудың негізгі бағыттары анықталды. Атап айтқанда, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Игілік», «Ынтымақ», «Кәсіпкер», «Бірлік» және «Егінжай» несие өнімдері және етті мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасы шеңберінде «Сыбаға», сүт фермаларын дамытуға бағытталған «Ырыс» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жалғасады, – деді қор директоры Мұхтар Әлімханұлы.
Тағы бір атап айтарлығы, жеңілдетілген несие алу үшін ауыл тұрғындары аудандық жұмыспен қамту орталықтарына барып, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуы тиіс. Сертификат иеленген соң жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, халықты жұмыспен қамту орталығынан несие үшін жолдама алады. Мұнан соң құжат жинап, қор филиалы мамандарына жүгінеді. Уақытты тиімді пайдалану үшін онлайн өтінім беру жұмысы жүзеге асуда.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |