« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Синоптиктер ауа райының бұзылуына қатысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
18 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты нөмер жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан қаласында 18 мамырда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. 18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сол күні күндіз Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
18 мамырда күндіз Семейде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. 18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |