«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған ақпараттық-түсіндірме тобы Қазалы ауданының ауылдық елдімекендерін аралады.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов бастаған топ Қазалы ауданының «Ғани Мұратбаев», «Пірімов», «Басықара» және «Жалаңтөс Батыр» ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында еліміздің 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басым бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық баяндаманың негізгі аспектілері, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен әдеп кодексі нормаларының сақталуы бойынша хабарламалар жасалды.