Полицейлер қызылордалықтарды жолда қабылдап жатыр

Бүгін Қызылордада  республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясының  келесі кезеңі басталды. Халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында   жүргізіліп жатқан акция облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізілуде.

Қазіргі таңда «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығында  Өсербаев пен Айтеке би көшелерінің қиылысында, КБИ мөлтек ауданының орталығында және  Тасбөгет кентінің Орталық алаңында өтіп жатыр.

 Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға  электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.

4 сағат ішінде мамандардан  500 - ге жуық облыс тұрғындары кеңес алды. 

Сонымен қатар, облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.


Қызылорда облысы полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2019 г. 428 0