Жуырда Арал ауданындағы Шөмішкөл елді мекенінің тұрғындары жағымды жаңалыққа куә болды. Нақтырақ айтсақ, осынау алақандай ауылдың қажетіне арнап Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы қолдауымен тамшылатып суару құрылғылары жеткізілді.
Жаңа аппарат естігендері болмаса, көздерімен көрмеген ауыл жұртшылығының қызығушылығын туғызды. Орал қаласынан арнайы келген маман Андрей Магай мектеп ғимаратында тамшылатып суарудың тиімділігі төңірегінде көпшілікке жан-жақты баяндады. Қазіргі таңда 26 шаңырақ иелері мен «Ақбота» бала бақшасының ұжымы еккен бақша дақыл- дары соңғы үлгідегі технология көмегі нәтижесінде көктей бастаған. Сондай-ақ, Шөмішкөл елді мекенін суландыру және аяқ сумен қамтамасыз етуге Алматыдан азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы «Азаматтық қоғамды дамыту» жобасы арқылы Алматы қаласынан су айдайтын насос алдыртып берді. Ол құрылғы шағын бақшаларды суаруға немесе суды үнемдеуге таптырмас құрал. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,, осылайша ауыл халқының жоғарыдағыдай қамқорлықтардың жемісін көрулеріне, биылғы жазда қауын-қарбыз, жуа, сәбіз секілді өнімдерді көптеп алуларына бар жағдай жасалып отыр.