Қазалыда жоғалған бала теміржол маңынан табылды

Өткен сенбі күні түс кезінде полиция бөлімінің 102 нөміріне Қазалы ауданының тұрғыны үш жасар баласының ойын аланында ойнап жүріп, жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлады.
Хабарлама бойынша бөлімнің ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Нұрбек Шегебаев жеке құрамды дереу құлақтандырып, жоғалған баланың сыртқы сипаттамасы бойынша іздестіруді ұйымдастырды. Нәтижесінде 2 сағат ішіде жоғалған бала теміржол вокзалының жанынан табылды. Табылған бала аман-есен анасына тапсырылды.
 Өз кезегінде анасы баланы тауып берген полиция қызметкерлері, полиция капитаны Ғалымжан Аманов пен полиция аға лейтенанты Ақмаржан Абдулхайыроваларға алғысын білдірді.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 913 0