Қызылордалық полицейлер ерледі

Дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Қызылорда қаласында 8-10 мамыр аралығында қазақ күресінен «Алтын белбеу» турнирі өткен  болатын. Турнирге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы  полиция аға лейтенанты Абдуллаев Ержан Серікбайұлы 90 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бағын сынады. Екі  күнге  созылған  бұл қызу  сайыс нәтижесінде Ержан 1 орынға қол жеткізді.
Бұған қоса, Сыр елінде өткізілген әмбебап жекпе-жеткен Қазақстан чемпионатында 85 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен полицей Қоңқабаев Асқар сынға түсіп, жүлделі 1 орынға ие болды. Бүгінгі күні Асқар да тепсе темір үзетін қайратты, жүрегінде оты бар батыл қызметкерлерден құралған Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет етуде.
Спорт саласында биік шыңдарды бағындырған қызылордалық тәртіп сақшылары Ержан мен Асқар қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау  жолындағы міндеттерін сапалы орындауды мақсат деп біледі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2019 г. 680 0