«Түгіскенде» 15 млн. теңге жалақыға берешек болған

Жаңақорған аудандық прокуратурасымен Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округінде орналасқан «Түгіскен» ТШ» ЖШС-ның (әрі қарай – Серіктестік) жұмысшыларына жалақыларына қарыздары жөнінде аталған мекемде жұмыс атқаратын бір топ жұмысшылардың арызы қаралды.
Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, серіктестік тарапынан өзінің жұмысшыларына 2013 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың сәуір айы аралығында  жалақы және жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына өтемақы төлемеу деректері орын алғандығы анықталды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 134-бабының 1-бөлігіне сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс және жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделуі қажет.
Кодекстің 23-бабының 2-бөлігінің 5-тармағында жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті. Кодекстің 24-бабында еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады делінген. 
Алайда, Серіктестікпен 261 жұмысшыға 2013 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін жалпы 15 794 853 теңге жалақыдан қарызы қалыптасқан. Бұл тұрғыда, Серіктестікте жұмыс атқаратын 261 жұмысшының Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтарына нұқсан келтіріліп, қолданыстағы Еңбек Кодексінің 23, 24-баптарының және 134-бабының 1 және 5 бөліктерінің талаптары өрескел бұзылған. Сондықтан, Серіктестікте жұмыс істейтін жұмысшылардың тиесілі жалақыларының берілуін қамтамасыз етіп, заңды бұзушылықты түбегейлі жоюға бағытталған шараларды қолдану үшін аудандық прокуратурамен заңдылықты бұзушылықты дереу жоюға ұйғарым енгізіліп, нәтижесімен жұмысшыларға қалыптасқан еңбек ақы толығымен төленді.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2014 г. 782 0