« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 миллионға жуық адам, оның ішінде 3-4 мың адам — Қазақстан Республикасынан барады. Биыл қажылыққа сапар тамыздың алғашқы күндерінен бастап, 20 тамызға дейін жалғасады. Осы жылы қажылыққа баруды 3200 адам жоспарлап отыр.
Айта кету керек, Сауд Арабиясы коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел болып табылады.
2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде менингокк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркелді, оның 15 жағдайы өліммен аяқталды. Инфекцияның өршу себебі тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өзін-өзі емдеуі болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының корона вирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80%-дан астамы – Сауд Арабиясында.
2000 жылдары қажылық кезінде менингококк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау.
Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация еліміздің 7 өңірінде (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында) жүргізіледі, қазіргі уақытта қажылыққа баратын адамдарға егілетін вакцина өңірлерге жеткізіліп жатыр, оны биылғы жылғы 15 мамырдан бастап алуға болады. Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактика шараларын есте сақтау керек:
- қолды сабынмен жиіжуу, дезинфекциялайтын салфеткаларды пайдалану;
Жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану;
- ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;
- адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;
- қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ
- ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
- сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;
- сапардан қайтып келгенде және аурудың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақтың ауыруы және басқасы) пайда болса, дәрігерге қажылыққа барғанын айтып, тез арада медициналық ұйымға бару қажет.
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |