Қызылордалық азамат полиция қызметкеріне бағынбай, оларға бағынбаушылық көрскеткен азаматқа тиісті үкім шығарылды. Қызылорда қаласының № 2 сотымен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 321-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 2 (екі) жылға бас бостандығын шектеуге жаза тағайындалды.
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға былайша өрбіген. Темір жол вокзалы жанында полиция қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатының жоқ болғандықтан полиция бөлімінің кезекші бөлмесіне барудан бас тартып, полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамай, полиция қызметкеріне бағынбаушылық білдіріп, ҚР ҚК-нің 321-бабының 1-бөлігімен яғни, өкімет өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін С. айыпталды.