« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
2019 жылдың 13-26 мамыр (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:
1) | Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру |
2) | Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
3) | Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру |
4) | Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
5) | Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу |
6) | Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру |
7) | Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу |
8) | Медициналық қызметке лицензия беру |
9) | Фармацевтикалық қызметке лицензия беру |
10) | Тұрғын үй көмегін тағайындау |
11) | II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
12) | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру |
13) | Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту |
14) | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру |
15) | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу |
16) | Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну |
17) | Архивтік анықтамалар беру |
18) | Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы |
19) | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау |
20) | Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
21) | Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
22) | Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру |
23) | Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру |
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |