Көлік аккумуляторын ұрлаумен айналысатын екі күдікті қолға түсті

Елорданың полиция қызметкерлері бірнеше аккумуляторды қолды қылған күдіктілерді ұстады, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыз-шағымдар жиі түсіп отырған. Ұрлық түнгі мезгілде, әсіресе дабыл белгісі жоқ автокөліктерде жиі болды.  «Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде екі күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Заттай айғақ тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде» делінген хабарламада.
 Аталған азаматтардың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне жүгінуіне немесе 8 (7172)  8 (7172) 71-60-24, 71-61-07, 102 телефондарына хабарласуына болады. Полицейлер азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарап, ұрылардың әрекетінен барынша сақ болуға шақырады. Автокөлікті арнайы дабыл белгісімен жабдықтап, күзетілетін қауіпсіз аумаққа қойған жөн.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2019 г. 317 0