| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 50 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық шарасына қатысқан өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы: «Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін! Ораза мүбарак болсын!» - деді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |